Түркістан облысының кәсіпкерлері «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысты

Астана қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына 180 компания өкілдері қатысты, оның 9-ы түркістандық кәсіпкерлер. Дәстүрлі көрме-жәрмеңкесінде елордалықтар мен қала қонақтарының назарына үздік тауарлар қатары ұсынылып, байқау жеңімпаздары анықталды.

Түркістан облысы: Жетісайда жәрмеңке өтті

Жетісай қаласының орталық алаңында ауданның тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді. Аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен өткізілген жәрмеңкеге ауданның барлық округтерінен 30-ға жуық тауар өндіруші ұсынған 20 тоннаға тарта ауыл шаруашылығы өнімдерінің 16 тоннасы базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға сатты.

Экология министрі Түркістан облысындағы балық шаруашылығының жағдайымен танысты

Шардара ауданы балық өңдеу бойынша облыс көлемінде көш бастаушы аймақ екені белгілі. Бүгінде ауданда қуаттылығы жылына 8700 тоннадан астам балық өнімін өндіруге қауқарлы 5 балық өңдеу зауыты бар.

Түркістан облысы: Қарнақ ауылында Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш тақта қойылды

Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы орталық алаңға қазақ тарихындағы соңғы хан саналатын Кенесары Қасымұлына арналған ескерткіш тақтайша қойылды.

Түркістандық балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Албания елінің Тирана қаласында еркін күрестен U23 жасқа дейінгі ересектер арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды. Тартысты сында 61 келі салмақта Қазақстан ұлттық құрамының талантты балуаны, Түркістан облысының спортшысы Асылжан Есенгелді күміс жүлдегер атанды.

Түркістан: Мақтааралда 9 елдімекенге табиғи газ беру жұмыстары басталды

Мақтаарал ауданы, Иіржар ауылдық округіне қарасты 9 елдімекенге табиғи газ беру жұмыстары басталды. Күні кеше аталған округке қарасты Шапағат елдімекеніне газ беріліп, ауыл тұрғындары бұл хабарды үлкен қуанышпен қабыл алды.

Түркістан: облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды қабылдап, өтініштерін тыңдады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізіп, мәселелерін тыңдады. Кездесуге облыстың түкпір-түкпірінен 10 тұрғын жазылған. Олар түрлі бағыттағы ұсыныстары мен өтініштерін айтты. Өңір басшысы әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.

Түркістан қаласына 9 айда 250 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған

Түркістан қаласына биыл 348,9 млрд.теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланса, 9 айдың қорытындысымен 245,8 млрд. теңгеге жетті. Бүгін бұл туралы брифингте Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков мәлімдеді.

Түркістан: облыс әкімі АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Түркістандық балалар ағылшын тілін тегін үйренеді. АҚШ Елшілігінің «English Access» бағдарламасы мұқтаж отбасылардан шыққан балаларды ағылшын тіліне, сондай-ақ жеке өсу, цифрлық сауаттылық, еріктілік дағдыларына үйретуге бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Натан Розенблум бастаған делегациямен кездесуі барысында айтылды.