ТҮРКІСТАНДА «ҰСТАЗ БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Түркістандаерекшетурнирөтті. Қазақкүресінентұңғышрет «Ұстазбарысы» додасыұйымдастырылып, мықтыбалуандаранықталды. Түркістаноблысыадамиәлеуеттідамытубасқармасыныңбастамасыменұйымдастырылғансайыстыңмақсатықазақкүресіндамытужәнеұстаздарарасындасаламаттыөмірсалтыннасихаттау.

Қорытындысайысқа 17 ауданжәнеқалалықіріктеужарыстарынан 7 салмақбойыншабіріншіорыналған 119 ұстазқатысты. НәтижесіндежалпыкомандалықесептеОтырарауданыкөшбастады. Бәйдібекауданыныңбалуанұстаздарыекіншіорындымісетұтса, Кентауқаласыныңкомандасыүздікүштіктіқорытындылады. Жүлделіорыналғанкомандаларғамедальменкубокберілді.

«Түйебалуандар» сынындаТөреқұловАсқар (Отырарауданы) доданың «Түйебалуаны» атанды. ЕкіншіорынғаМақсатРақышевиеболса, үшіншіорынЕрболӘбдіхановқабұйырды. 3 балуанғадақомақтықаржылайсыйлықтабысталды.

Ұстаздаркүнімерекесіқарсаңындабиылалғашретөткен «Ұстазбарысы» турниріжылсайындәстүрлітүрдеөткізіледідепжоспарланыпотыр.

 

БОКСТАН СЕЙІЛХАН САТТАРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР АШЫЛДЫ

Облыс орталығында Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир басталды.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараға 12-13 жас аралығындағы 120 спортшы қатысуда.

Сейілхан Саттарханұлы – Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», өнегелі өмірін шаһар дамуына арнаған жан. Әрі жастар арасындағы бокстың дамуында елеулі еңбек еткен азамат.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы «Сейілхан ағамыздың өнегелі өмірінде жасаған игі істері көпке үлгі-өнеге. Бүгінгі шараның мақсаты да жастар арасындағы спортты дамыту. Осындай арда азаматтардың атқарған абыройлы істерінен үлгі көрсету» деді.

Сонымен қатар, Сейілхан Саттарханұлының жұбайы Сырлыкүл апа сөз сөйлеп, қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Жиын барысында орталықтың спорт саласында елеулі еңбек еткен азаматтар мен түрлі сала өкілдері

сөз алып, ізгі тілектерін жеткізді. Сейілхан аға туралы естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, 15 түрлі салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан шараның ақтық ойыны 1-ші қазанда өтеді.

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Еліміздің үшінші мегаполисінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының қолдауымен 10 қазан - ҚР кәсіподақтар күніне орай, «Әлеуметтік әріптестік» жылы аясында ұйымдастырылып отырған шағын футболдан турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин, «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, жергілікті және салалық кәсіподақ төрағалары, кәсіподақ активі мен мүшелері қатысты. Турнирдің басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.

Турнирдің ашылу сәтінде Қазақстан Республикасының Әнұраны ойналып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Даулеталин және «Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев жарысқа қатысушыларды құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. Содан кейін жарыстың Бас төрешілері сөз сөйлеп, турнирді өткізу ережелерімен таныстырып өтті.

Тартысты жарыста республикалық және жергілікті кәсіподақ мүшелерінен жасақталған 7 команда бақ сынасты. Жарысқа ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Астана қаласынан жол тартып келген «Кәсіподақтар федерациясы» командасы, Түркістан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағынан «Достар» командасы, Теміржол әскери күзет салалық кәсіподағынан «ВЖДО» командасы, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлердің салалық кәсіподағынан «Сенім» командасы, «YNTIMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлердің қазақстандық салалық кәсіподағынан «Shymkent BUS» командасы, Құрылыс кешені және тұрғын үй командалық шаруашылық саласынан «Су арнасы», Шымкент қалалық агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің құрамындағы «Тілеу, Қызыл қия» командалары қатысты.

Ойын бәсекесінде жарыстың жеңімпаздары анықталды. Турнирде «Алтын кубок» иегері атанған, І орын алған «Тілеу, Қызыл қия» командасы, ІІ орын иеленген «Кәсіподақтар федерациясы» командасы, ІІІ орынды «Түркістан» командасы алды. Ал «Үздік шабуылшы» номинациясы - Ешентай Бағдат, «Үздік ойыншы» номинациясы - Утегенов Нұржан, «Үздік қақпашы» номинациясы - Адырбеков Бауыржанға бұйырды. Шара соңында жеңімпаздарға сыйлықтар мен грамоталар табысталды.

 

ТҮРКІСТАН: ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН АЛҒАШҚЫ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

“Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының” ашылғанына 1 жыл толуына орай “Мәдениет және тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің" ұйымдастыруымен 22-25 қыркүйек күндері 8 бен 14 жас аралығындағы балалар мен 16 жастан жоғары жасөспірімдер арасында Үлкен теннистен ашық біріншілік өтті.

Сайысқа Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы қалаларынан және Түркістан облысынан 68 теннисші қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 4 категория бойынша бақ сынасты.

Шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттыру.

Жарыс қорытындысына сәйкес:

2014-2015 жж қыздар арасында (қызғылт доп):

І-орын-Ирискулова С;

ІІ-орын-Дауранова Д;

ІІІ-орын-Назарбай К;

2012-2014жж ұлдар арасында (қызғылт доп):

І –орын-Жаксыбай М;

ІІ-орын-Мукаддас Б;

ІІІ-орын-Дауранов А;

2012-2013жж ұлдар арасында (жасыл доп):

І-орын-Айдарали М;

ІІ-орын-Дауранов М;

ІІІ-орын-Капеков А;

2007-2011жж ұлдар арасында (стандарт доп):

І-орын-Мукаддас А;

ІІ-орын-Дауранов К;

ІІІ-орын-Жетибай Д;

16 жастан жоғары қыздар арасында (стандарт доп):

І-орын-Абуева Г;

ІІ-орын-Нагиметова М;

ІІІ-орын-Үсен Г;

16 жас жоғары ұлдар арасында (стандарт доп):

І-орын-Баймаш Қ;

ІІ-орын-Курбанов М;

ІІІ-орын-Умиралиев Д.

Ашық біріншіліктің қорытындысы бойынша жүлделі орын алған жеңімпаздарға марапаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҚТАРБЕК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қазақ күресінен Сайрам ауданында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнир өтті.

Тартысты додаға облыстың аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақ күресін насихаттау мақсатында өткен шарада 120 балуан 6 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Түйе балуандар арасында бас жүлдеге қол жеткізген балуан Түркістан қаласының тумасы Айдарбек Тоқтарбек Жақыпбекұлы «Nexia» автокөлігінің иесі атанды.

Екінші орынды да жерлесіміз Әбдіғани Бибарыс иеленді.

Екі жеңімпаз да Түркістан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің спортшылары.

 

ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Облыс орталығында кезекті республикалық деңгейдегі спорттық шара басталды.

Шара қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ашылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Бәйгеде еліміздің түрлі аймағынан келген ең жасы 8 жасар спортшыдан бастап, 17 жасқа дейінгі спортшы бақ сынасуда.

Жалпы саны 64 спортшы Түркістан облысынан бастап, Алматы, Қызылорда облыстары және Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларынан келген.

Доданың ашылуында алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы, «Бүгінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында шаһардың материалдық базасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. 231 спорт нысаны тұрғындар игілігіне жарауда.

Ендігі мақсат – спорт нысандарының санын одан ары көбейтуіміз керек. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалынып жатқан үлкен мүмкіндік» деді.

Одан бөлек, қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен қалалық мәслихат хатшысы Марат Асылбекұлы қатысушыларға ізгі тілегін арнап, сәттілік тіледі.

21-ші қыркүйектен бастау алған шара 25-ші қыркүйекке дейін өтеді. Мекен жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала 166 квартал, 241-ші ғимарат облыстық «Теннис орталығы».

ТҮРКІСТАН: ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛДАН КҮЗ-ҚЫС МАУСЫМЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

Кіші футболдан "Әуесқой футбол лига ойындарының" 2022 жылғы күз-қыс маусымы ойындары презентациясы өтті.

Шараға кіші футболдан дүбірлі додаларда қала намысын қорғап жүрген командалар мен қалалық мәслихат депутаттары және шаһар спортының дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері қатысты.

Алғы сөз сөйлеген Түркістан қалалық мәслихаты хатшысы Мақсат Асылбекұлы бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқан және әуесқой футбол лига ойындарында белсенді қатысқан командаларға, төрешілерге, спорт жанашырларына алғысын білдіріп, ізгі тілегін айтты.

Шара барысы лигаға қатысушылардың жеребе бойынша нөмірін анықтаумен жалғасты.

ШЫМКЕНТТІК ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ

Шымкенттік жеңіл атлеттер Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті.

Жергілікті спортшылар 11 алтын, 7 күміс және 14 қола медаль жеңіп алып, нағыз рекорд орнатты.

"Менің қарсыластарым Қарағанды, Өскемен және Алматы қалаларынан болды. Мен 100, 110, 300, 400 метрге жүгірдім. Эстафета болды, мен барлық түрлер бойынша төрт алтын медаль алдым. Мен ұзақ уақыт дайындалмадым, екі апта бойы біз жиналыста болдық және дайындалдық",-дейді  спортшы Богдан Гончарев.

Полина Кузубова, спортшы:"Мен бұл жолы найза лақтырдым. Мен қарсыластарды мүлдем білмедім және осы пән бойынша алғаш рет өнер көрсеттім. Менде екі алтын және бір қола бар. Найза үшін бір алтын медаль,100 метрлік эстафета үшін және қола үшін үшінші медаль — кедергілер үшін. Мен басқа спортшылар сияқты жеңілгенді ұнатпаймын. Мінезі мен ерік-жігерінің арқасында барлық спортшылар жетістікке жетеді".

Әр спортшыны спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов жеке құттықтады. Оның айтуынша, шымкенттік спортшылар 2006 жылдан бері Қазақстан чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткен жоқ. Жеңіл атлеттер арасында бірінші орынды кіші жастағы спортшылар, үшінші орынды үлкен жастағы спортшылар алды.

Ермек Дәрменов, Шымкент қаласы спорт басқармасы басшысының орынбасары:

2007-2008 жылы туған кіші жастағы спортшылар. Олар жоғары нәтижелер көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Бұл не туралы айтады? Жас ұрпақтың жұмыс істейтіні туралы. Яғни, бізде резерв бар, жұмыс істеу керек. Мұнда жаттықтырушылар құрамы үлкен рөл атқарады. Жаттықтырушылар жақсы болған кезде, әрине, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады".

Қазір жас чемпиондар Азия чемпионатына белсенді дайындалуда. Шымкенттік спортшылар Қазақстанның намысын қорғап, әлемдік деңгейде жақсы нәтижелер көрсетпек.