Түркістан: Ордабасыда блок бекеттердің жұмысы күшейтілді

Ордабасы ауданы бойынша елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, яғни covid19 короновирус індетін алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін блок бекеттер орнатылды.

Түркістан: Түлкібас ауданында ерікті азаматтар 62 мыңнан астам бетперде тігіп, таратты

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 62 мыңнан астам медициналық бетперде тігіліп, халыққа тегін таратылды. Түлкібас ауданында медициналық бет перденің тапшылығын жоюға байланысты аудан әкімдігі тарапынан нақты шаралар қабылданып, нәтижелі жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан: Қазығұрттық аналардың елге деген қамқорлығы көпке үлгі

Жер жаһанды жайлаған коронавирус COVID-19 пандемиясы дүйім жұртты әбігерге салып, халық емін-еркін жүруден қалып отыр. Осындай қиындық туындаған сәтте Жігерген ауыл округіне қарасты Әжелер алқасының мүшелері Баян Рымбекқызы бастаған бір топ аналарымыз қол қуыстырып қарап отырмай, медициналық бет перделер тігіп таратуда.

Түркістан: Сайрам аудандық аналар кеңесінің төрайымы 200 бетпердені өзі тігіп, өзі таратты

Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Сайрам аудандық аналар кеңесінің төрайымы – Мұратбекова Үмітгүл Балғабайқызы коронавирус індетінің алдын алу және тұрғындарға көмектесу мақсатында «Біз біргеміз» Республикалық акциясына өз үлесін қосты.

Түркістан: Жетісайлық такси жүргізушілері ауыл тұрғындарына көмек берді

Елімізде болып жатқан жағдай кезінде Жетісайлып, атап айтқанда Асық ата автобекетінен қалаға қатынайтын такси жүргізушілері себепсіз жақсылық жасаудың жарқын үлгісін көрсетті,-деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан: Жетісайда мұқтаж жандарға демеушілер есебінен көмек көрсетілді

 

  Бүгінде Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында жүргізіліп жатқан “Қамқорлық” шарасы Жетісай ауданында да қарқынды жүзеге асып жатыр,-деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Түркістан: Жетісай ауданында маскалық режим енгізілді

  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген болатын. Осыған орай төтенше жағдайға байланысты құрылған ШТАБтың шешіміне сәйкес Жетісай аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және корновирус індетінің алдын-алу мақсатында Жетісай ауданына маскалық режим енгізілді.