Түркістан облысы: Жетісай ауданында мақта бағасы 180 теңге болып белгіленді
Сөйтіп, Жетісай ауданында мақта бағасы 180 теңге көлемінде белгіленді. Ал «ақ алтынның» әр тоннасына 12 мың теңгеден субсидия төленетін болады.
Сөйтіп, Жетісай ауданында мақта бағасы 180 теңге көлемінде белгіленді. Ал «ақ алтынның» әр тоннасына 12 мың теңгеден субсидия төленетін болады.
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданына сапары барысында өңірдегі орталық ауруханаға арнайы аялдады. Мекеменің инсульт орталығындағы соңғы заманауи құрылғымен жабдықталған томография кабинетін саланатты түрде ашып берді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» компаниясының жетістігіне арнайы тоқталды. Дәлірегі, «Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мәселен, Түркістан облысында «Бөрте Милка» ЖШС-і жаңа заманауи технологияларды пайдаланудың арқасында өнімділікті 2 есеге арттырған» деді.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жасаған сапары кезінде Мақтаарал ауданына да ат басын бұрды. Мақталы өлкедегі ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысқан министр бірнеше нысандарды аралап көрді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлініп, өнімділік жоғарылап келе жатқанын жеткізді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ұлттық бюро департаментінің, сондай-ақ облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Оған «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық білім басқармасының және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, қала, аудан әкімдерінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары мен облыстағы барлық білім беру ұйымдарының 1300 басшысы, сондай-ақ арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысты.
Алла сәтін салса, бірер жылда Арыс қаласының халқы от жағып, күл шығарудан түгелдей құтылады. Бұған дейін «көгілдір отыны» болмаған шаһарда алғаш рет газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде БАҚ өкілдері қаланың коммуналдық мәселелерімен танысты.
Жетісай ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі түрлерінен «Студенттер және мектеп лигасының» салтанатты ашылуы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мұхтар Бейсенбаев, Жетісай орталық стадионының директоры Бақыт Жаңбырбаев және спорт мектептерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сарыағаш ауданында биыл 29 мамандық бойынша жоспарға сәйкес 1190 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Оқуға жолданған азаматтардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алғандары 1053-ті құрайды. Жалпы оқуға жолданған 1190 азаматтың 914-і сұранысқа ие заман талабына сәйкес келетін білікті мамандық иесі атанып, ауданның мәдениет үйінде өткен жәрмеңкеде куәліктері салтанатты түрде тапсырылып, бос жұмыс орындары ұсынылды.
Созақ аудандық орталық мәдени спорт кешенінде «Былғары доп» жүлдесінде 1968 жылы Одақты дүркіреткен «Шалқар» командасының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтой аясында кіші футболдан республикалық жарыс өтіп, оған 12 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп, «Шалқар» командасының ойыншыларына естелік сыйлықтар, мерейтойға арнап шығарылған альбом кітап табыс етті. «Шалқар» командасының капитаны, ардагер спортшы Аманғали Аймұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Еспенбетов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға табыс тіледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Айғақ» телеарнасы қолға алған «Ұлт рухы» жобасы аясында Түркістан облысында арнайы құрылған қоғамдық делегация өкілдері Отырар ауданына келді.