Шымкенттік жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәртіпті өзіңнен баста» атты құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жылдық қорытынды кездесу өтті.

Шымкент: Өңірдің өнеркәсіп және инвестициялық даму көрсекіштері талданды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық - инновациялық даму басқармасының 2024 жылғы 10 айдағы жұмысының қорытындылары туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. Басқарма басшысы 10 айда атқарылған жұмстар мен алдағы жылға қойған жоспарлармен бөлісті. 

Шымкенттегі су арнасын мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтару бойынша тыңдалымдар мен талқылаулар жалғасуда. Бүгін қоғам белсендісі Бақытжан Көпбаевтың мекемені мемлекет меншігіне қайтару туралы жариялаған петициясы бойынша ашық талқылау өтті.

Франциямен екіжақты ынтымақтастық жобалары талқыланды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков   Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту және денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, инвестиция салаларындағы ынтымақтастық жобаларын талқылады.

Шымкентте 14 млн теңгеге мурал салынады

Шымкент көшелері көркейіп жатыр. Қалада қасбетіне мурал салынған тұрғын үй мен ғимараттардың қатары артып келеді. Тұран ауданының өзінде қабырғасына сурет салынған 15-ке жуық арт-объект бар. Олар тек әсемдіктен бөлек, терең мағынаға ие.

Шымкентте 1,5 млн долларлық трансформатор шығарылады

«Еліміз ештеңе өндірмейді, барлығын сырттан алдырамыз» дейтін пікір, ара-тұра ел ішінде аяң беріп, халық дүрлігіп жатады. Бірақ аталған оймен келісуге болмайды. Өйткені Шымкенттің өзінде 5 индустриалды аймақ бар. Онда лифт және құрылыс крандарына қажетті бөлшектер, медициналық жабдықтар, жарықтандыруға қажетті құрылғылар өндіріледі. Сондай-ақ тағы басқа да бағыттар мен салаларды қамтитын 293 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Осылай деген Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов саладағы кем-кетіктер мен жетістіктерді жіпке тізіп, соңғы 10 айда атқарылған жұмыстардың есебін берді.

"Үшінші мегаполисте құны 1,5 млн доллар болатын жоғары кернеулі трансформаторлар шығарылады. Жылына аталған құрылғының 120 данасын даярлайтын зауыт оның 60 пайызын ішкі нарыққа, 40 пайызын экспортқа жөнелтеді. Өндірістің сапасы сын көтереді, стандарттарға сай келеді",- деп отыр жауаптылар.

Бір трансформатордың құны 1,5 млн доллар тұрады. Оның бір данасын құрастыру үшін 1 жыл уақыт кетеді. Өйткені оның сапас стандарттарын жіті тексерістен өткізу  қажет.

Биыл Шымкентте Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 48,8 мың тоннаны құраған. Ал өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 805 млрд теңгеге жетіп отыр. Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі де едәуір артып, 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға өскен. Жылдық жоспар межесіне жетіп,  275,7%  орыдалған.       

«Шымкент қаласы мегаполис болғалы инвисциясы көлемі 3,5 пайызға артқан. 2019 жылы 195 млрд теңге инвистиция тартылса, биыл 662 млрд теңгеге инвицистиция тартылды»,-деді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Е.Тұрманов.

 Қазір Мегаполистің өнеркәсіп саласында 981 кәсіпорын белсенді жұмыс істеп тұр. Оның 19 – ірі, 46 – орта және 916 –сы шағын өндіріс орындары. Соңғы он ай ішіне аталған кәсіпорындар 913,9 млрд теңгенің өнімін өндіріп, былтырғы межеден 2 пайызға озған.

Шымкент: Үш тұрғын алап табиғи газға қосылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов тұрғындармен бірге Қайнарбұлақ, Тассай және Еламан тұрғын алаптарын, сондай-ақ Тассай индустриялық аймағындағы бірқатар кәсіпорындарды газға қосуға қатысты.

Шымкенттегі инфрақұрылым жүйелері жаңартылуда

Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, көрсеткіш 99%-ға жетті. Қалған Құрсай елді мекенінде жұмыстар мерзімінен бұрын аяқталып, қазір су қосу шаралары атқарылуда. Қаланың ұлғаюына байланысты жаңа аудандарда да ауыз су жүйелерін жүргізу жалғасады.Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының 2024 жылғы 10 айдағы жұмысының қорытындылары туралы» тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. Басқарма басшысы атқарылған жұмыстарын баяндады. 

Қаладағы 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. 2024 жылы 1 магистралды коллектор (Тұраннан КОС-қа дейін) және 5 ішкі орамдық жүйенің (Нұртас, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылысы жоспарланған. Нәтижесінде, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға дейін ұлғаймақ. 2025 жылға Айқап-Түркістан, Шым-Сити жобаларының құрылысы толық аяқталады.

81 елді мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған. 2024 жылы Асар-2, Тұран 10 РП, Ақжар ҚС, Сайрам, Бозарық, Құрсай және Тұран шағын аудандарында 7 нысанның құрылысы жүргізілуде. Асар-2 және Бозарық шағын аудандарындағы жұмыстар 2024 жылы аяқталады, қалған 5 нысанның құрылысы 2025 жылы тәмамдалады.

Қаланың 55 елді мекені толық, 24-і жартылай, ал 2 елді мекен мүлдем газбен қамтылмаған. Қазіргі қамту деңгейі 96%-ды құрайды. 2024 жылы 12 нысанның құрылысы аяқталып, табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,4%-ға жетеді деп күтілуде.

Шымкент қаласында 2024-2025 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық жұмыстары 20 қазанда толық аяқталып, жылу 21 қазанда берілді. Қала әкімінің №74-ө өкіміне сәйкес, «3-Энергоорталық» АҚ және дербес қазандықтардан жылу алатын барлық тұтынушыларға жылыту маусымы ресми түрде басталды.

Дайындық жұмыстары мен жылу жүйесін іске қосу:

• 1 қазаннан бастап қаланың магистралдық және ішкі орамдық жылу желілері химиялық тазаланған 40℃ сумен толтырылды.

• 21 қазанда «3-Энергоорталық» АҚ-нан жылу беру басталып, алдымен әлеуметтік нысандарға – ауруханалар, мектептер, балабақшалар және мәдениет нысандарына қосылды.

• Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарындағы тұрғын үйлерге жылу біртіндеп қосылып жатыр.

Жылу беру параметрлері:

• Қаланың Солтүстік бөлігіне 85/52℃, Оңтүстік бөлігіне 85/50℃ температурада жылу беріледі.

• №2 және №3 қазандықтар тұрақты жұмыс істеп тұр, ал №1 қазандық резервте. Турбоагрегаттар 139,5 МВт/сағ. электр қуатын өндіруде.

• Қаланың 26 дербес қазандығы толық қуатта жұмыс істеуде, тұтынушылары жылумен қамтылған.

6 қарашаға дейін барлық тұтынушылар жылу жүйесіне қосылды. Кез келген ақаулар мен мәселелердің алдын алу үшін «Қуатжылуорталық-3» мекемесінде тәулік бойы диспетчерлік қызмет ұйымдастырылған. Қаланың тұрғындары 8 (7252) 44 81 89 немесе 8 (7252) 44 82 37 нөмірлері арқылы байланыса алады.

Шымкент қаласында көше жарықтандыру жүйесін жақсарту жұмыстары ауқымды түрде жалғасуда. Қала бойынша жалпы 6714 көше (3897,4 км) бар, оның 2047-сі (884,6 км) жарықтандырылған, бұл көрсеткіш қазіргі уақытта 30,4%-ды құрайды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 1301 көшеге жарық шамдары орнатылады. Оның ішінде 1237 көшеде жұмыстар аяқталып, жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Жұмыстарды 2024 жылдың желтоқсанына дейін толығымен аяқтау жоспарланған.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 38 көшеге жарық шамдарын орнатуда. Қазіргі таңда 4 көшеде жұмыстар жүргізілуде.

Демеушілік қолдау арқылы («АБМ Билдинг 2007» ЖШС) 300 көшеге жарықтандыру жүйесі орнатылады. Қазіргі уақытта 50 көшеде жұмыстар аяқталып, жарық қосылған.

Тұран шағын ауданындағы 13 көшені жарықтандыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобаның 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін аяқталуы жоспарланған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша көше жарықтандыру жүйесімен қамту көрсеткішін 35,7%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Бұл жобалар Шымкент қаласының тұрғындарына ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.